Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президентке су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары бойынша есеп берілді

2024 жылғы 29 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жоюға және зардап шеккен азаматтарды қолдау шараларын жүзеге асыруға бағытталған жоспарлы жұмыстар жөнінде баяндалды, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, 30 770 отбасыға 100 АЕК көлемінде бірреттік төлем беру үшін 11 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген.

Зардап шеккен аймақ тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жалпы, 15 103 тұрғын үй тексеріліп, 11 186 нысанды бағалау жұмыстары аяқталды.

Қазіргі таңда 432 отбасы бұзылған баспаналарының орнына жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. Атап айтқанда, тұрғындарға Қостанай облысында 225, Ақмола облысында 83, Ақтөбе облысында 76, Солтүстік Қазақстан облысында 40, Қарағанды облысында 6, Павлодар облысында 2 баспана берілді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына зардап шеккен азаматтар үшін 1862 жаңа үй салынып жатқаны туралы мәлімет берілді.

  • Мәселен, Батыс Қазақстан облысында 394, Қостанай облысында 184, Атырау облысында 48, Ақтөбе облысында 494, Ақмола облысында 273, Солтүстік Қазақстан облысында 500, Павлодар облысында 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. 2947 отбасыға баспанасын жөндеу және қалпына келтіру үшін өтемақы төленді.

Олжас Бектенов зардап шеккен тұрғындарға аса қажетті дүние-мүлік сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейін қосымша өтемақы төленіп жатқанын айтты.

  • 4115 отбасы жалпы сомасы 1 миллиард теңге көлемінде өтемақы алған. Сондай-ақ өлген малдың өтеуі үшін мемлекеттен бөлінген қаржылай көмектің көлемі 2,3 миллиард теңгеден асқан.

Бұдан бөлек, тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аймақтық комиссиялар тексеру жұмыстарының нәтижесіне сәйкес шағын және орта бизнес субъектілерінің 12 өтінімін қарастырып, мақұлдады. Оған жалпы сомасы 21 миллион теңге бөлінді.

Жалпы, шығынды өтеу және құжаттарды өткізу тәртібін білу үшін 1432 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істеп тұр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Алдын ала бағалау бойынша су тасқынынан 731 бизнес субъектісі зардап шеккен.

Тегтер: Басты жаңалықтарсу тасқыны

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz