Асламбек Мерғалиев:
- сот төрелігіндегі өзекті мәселелер мен сот жүйесін одан әрі жаңғырту шаралары туралы мәлімет берді;
- сот жүйесін цифрландыру және дау тудырмайтын әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша автоматтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатқаны жөнінде баяндады;
- азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану көрсеткіші өсіп келе жатқанын айтты;
Кездесу соңында Мемлекет басшысы сала кадрларының сапасын арттыру, азаматтарды сот арқылы қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және соттарға деген сенімді арттырудың маңызын атап өтті.