«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.
Негізгі өзгерістер мынадай:
Ақпаратқа қолжетімділік:
— Азаматтардың ақпарат алу құқықтары күшейтілді.
— Мемлекеттік мекемелердің ашықтығы артады.
— Мүгедектігі бар азаматтардың ақпаратқа тең қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік наградалар:
— Үміткерлерге қойылатын талаптар жақсарды.
— Наградаларды беру рәсімі нақтыланды.
Тілдер туралы заң:
— Тіл саясатына қатысты жаңа өзгерістер енгізіледі.
Сенатор Нұртөре Жүсіп өзгерістер азаматтардың құқықтарын нығайтып, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.