Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент Тоқаев Алматыдағы балалар үйіне қатысты нақты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласына көшіруге қатысты жағдайдан хабардар. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.07.2025
Жаңалықтар

Оның айтуынша, Президент Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға нақты тапсырма берген.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкіміне балалардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыруы үшін балалар үйіне жөндеу жүргізуді және нысанды қала балансына алуды тапсырды», – деп жазды Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі басқа қалаға көшірілмейді.

«Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласына көшіру туралы шешім жұртшылық арасында қызу талқыланған болатын. Президенттің бұл тапсырмасы балалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және олардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған маңызды шешім ретінде қабылданды.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz