Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Жарлық мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілсін.
- Республикалық референдумға: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауал шығарылсын.
- Осы Жарлық 2024 жылғы 3 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.
- Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметін атқаратын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарымен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.