Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент Құрылтайды тарата ала ма? Конституциялық комиссия жаңа ұсыныстарды жариялады

Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев бірқатар маңызды ұсыныстарды таныстырды. Оның айтуынша, жаңа өзгерістер Президенттің жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындауы және Құрылтайдың келісім беру тәртібін нақтылауға бағытталған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.01.2026
Жаңалықтар

Министрдің сөзінше, Конституцияға Президенттің Құрылтай депутаттарының көпшілік дауысымен бірқатар жоғары қызметтерге тағайындау жүргізе алатынын бекітетін норма енгізу ұсынылып отыр.

Атап айтқанда, Президент мына тұлғаларды Құрылтайдың келісімімен тағайындай алады:

  • Қазақстан Республикасының вице-президентін;

  • Премьер-министрді;

  • Конституциялық соттың 10 судьясын;

  • Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесін;

  • Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесін.

«Президент Құрылтай депутаттарының көпшілік дауысымен аталған лауазымды тұлғаларды тағайындай алады деген норманы енгізу ұсынылып отыр», – деді Ерлан Сәрсембаев.

Сәрсембаевтың айтуынша, егер Құрылтай жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындауға келісім беруден бір рет қайта бас тартса, онда Президентке Құрылтайды тарату құқығы беріледі.

Бұл ұсынылған модель Президент пен Құрылтай арасындағы саяси тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған.

«Ең бастысы — жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындау тек Құрылтайдың келісімімен жүзеге асады», – деді министр.

Сонымен қатар министр ұлттық қауіпсіздік, қаржылық тұрақтылық және заң үстемдігіне тікелей жауапты органдардың бірінші басшыларын Президенттің өзі тағайындау құқығы сақталатынын атап өтті.

Президент өзі тағайындайтын лауазымдар тізімі:

  • Бас прокурор;

  • Конституциялық сот төрағасы;

  • Жоғарғы сот төрағасы;

  • Ұлттық банк төрағасы;

  • ҰҚК төрағасы;

  • Орталық сайлау комиссиясының төрағасы;

  • Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы;

  • Жоғары сот кеңесінің төрағасы;

  • Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;

  • Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Министрдің түсіндіруінше, мұндай тәсіл аталған тұлғалардың мемлекет басшысы алдындағы жеке жауапкершілігін арттырып, кадрлық шешімдердің тез қабылдануына мүмкіндік береді.

«Бұл билік органдарының, әсіресе дағдарыс жағдайларындағы тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді», – деді Ерлан Сәрсембаев.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz