Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Премьер-Министр елімізге ресейліктердің келуіне қатысты тапсырма берді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов көші-қон мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Онда Ресей Федерациясынан келушілер санының артуына қатысты қалыптасып отырған ахуал талқыланды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

27.09.2022
Жаңалықтар
primeminister.kz

primeminister.kz

Келген адамдарды өңірлер бойынша орналастыру, жұмысқа тұру ықтималдығын қарастыру және кеңес беру мәселелері бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, мигранттарды тіркеу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, жалға берілетін тұрғын үй нарығының құқықтық аспектілері туралы Әділет министрі Қанат Мусин баяндады.

primeminister.kz

Кеңеске Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев және Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты.

Премьер-Министр өңірлерде әлеуметтік шиеленіске жол бермеу үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіруді күшейту қажеттігін атап өтті.

«Елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ келіп жатқан ресейліктерге жәрдем көрсету керек: ЕАЭО заңнамасына сәйкес оларды уақытылы тіркеп, еңбекпен қамту мәселелерін қарастыру қажет. Бұл орайда жалға берілетін тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау маңызды», — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, барлық мемлекеттік құрылымдар өз құзыреті аясында отандастарымызға да, мигранттарға да тараптардың құқықтары мен жауапкершілігіне байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Алдағы күндері бұл мақсатта жедел желілер ашылады.

Сонымен қатар Премьер-Министр уақытша келген шетел азаматтарын жұмысқа орналастыру кезінде еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Оған қоса, Премьер-Министр барлық көлік инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, елге келіп жатқан адамдардың бір жерде шоғырлануын болдырмау жөнінде қажетті шаралар қабылдауды, ХҚКО-лардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін қосымша қызмет көрсету терезелерін ашуды тапсырды.

Тегтер: ҚазақстанПремьер-Министр

Соңғы жаңалықтар

Какая погода будет на этой неделе в Алматинской области

Николай Иващенко
16.03.2026

Рыбакина уступила Соболенко в упорной борьбе за титул в Индиан-Уэллсе 

Николай Иващенко
16.03.2026

Спасатели Алматинской области потушили ночной пожар

Николай Иващенко
16.03.2026

День Конституции и выборы в Парламент: Токаев сделал важные заявления на встрече с молодежью

Николай Иващенко
16.03.2026

15 марта мы будем ежегодно отмечать в качестве Дня Конституции – Токаев

Николай Иващенко
16.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz