«2021 жылғы 11 қазанда Астана қаласының әділет департаментінде «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030″ қоғамдық бірлестігі тіркелді, оның басшысы Қайрат Перизат болды. 14 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (СМЭС) аталған бірлестіктің мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану және оны мәжбүрлі түрде тарату туралы талап-арыз түсті», – деп хабарлады сәрсенбіде Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Сотқа жүгінуге негіз болған себеп – Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) аталған қоғамдық бірлестікті тіркеуді жою рәсімін бастау туралы хаты.
Агенттік ұйымды құру барысында заңбұзушылықтарға жол берілгенін анықтаған, әрі бұл кемшіліктерді түзету мүмкін емес, сондықтан ұйымды сот шешімімен тарату қажет деп танылған.
Еске салайық, Перизат Қайратқа су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр.





