Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Павлодар облысындағы екі ауылдың әкімдігі орман өртінен болған 3 миллион теңге шығынды өтейді

Бұл туралы Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаев мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

04.08.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

«2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облысымызда орман аумақтарының 949 гектарында 114 өрт фактісі тіркелген. Оның 160 гектары орман аумағын құрайды. Тілсіз жаудың келтірілген залалы 46,6 миллион теңге», — деді Руслан Төлепбаев.

Орман өртінің 81 жағдайына найзағай ұшқындары себеп болған, 20 жағдайда себеп анықталмаған, 12 жағдайда дала өртінің орман өртіне ұласуы және 1 жағдайда электр сымдарының үзілуі себеп болған.

«Жалпы, дала өрті орын алып, ол орман аумағына көшкен кезде сол жер учаскесінің иесі кінәлі болады. Ал, кінәлілер анықталмаған жағдайда орман қорғау мекемелері дала өртін сөндіруге уақытында шара қолданбағаны үшін шығынды өтеуді жергілікті әкімдіктерден талап етеді», — деді Руслан Төлепбаев.

Биылғы орман өртіне байланысты Железин ауданындағы Башмачное мен Железин ауылдарының әкімдіктеріне 3 млн теңге шығынды өтеу талабы қойылды.

Одан бөлек, 2 адамның жер учаскесінде басталған өрт орман аумағына өткені анықталып, оларға 53,6 мың теңге айыппұл салынды.

Тегтер: оқиғаПавлодар

Соңғы жаңалықтар

«Все филиалы вузов в Казахстане призваны способствовать повышению конкурентоспособности в сфере высшего образования» — президент в Алматы

Николай Иващенко
19.03.2026

В Конаеве ведется строительство системы очистки сточных вод

Николай Иващенко
19.03.2026

Системная работа в рамках проекта «Алатау аманаты»

Николай Иващенко
19.03.2026

Декада Наурызнама в Алматинской области: какие мероприятия пройдут в ближайшие дни

Николай Иващенко
19.03.2026

В Алматинской области врачи спасли жизнь 64-летнему пациенту с тяжелой сосудистой патологией

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz