Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Павлодар облысында оқушылар білім күнін мәдениет үйінде қарсы алды

Павлодар облысында оқушылар білім күнін мәдениет үйінде қарсы алды. Себебі, аймақтағы онға жуық мектеп жаңа оқу жылына дайын емес. Бұған күрделі жөндеу жұмыстарының кешеуілдеуі себеп болған, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

02.09.2022
Жаңалықтар

Жергілікті билік 2 мектеп қана жаңа оқу жылына дайын емес деп есеп берген.

Ақсу қаласына қарасты Сарышығанақ ауылындағы алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын далада өтті. Мектеп жаңа оқу жылына дайын емес. Ал оқушыларға алғашқы сабақ мәдениет үйінде өтті. Жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Жоспар бойынша қараша айында аяқталмақ. Алайда, білім бөлімінің басшысы уақытынан бұрын бітіреміз деп отыр.

«Сарышығанақ мектебінің жөндеу жұмысын осы айдың аяғына дейін бітіреміз. Барлық күшімізді соған саламыз. Балалар мектепке кіреді де, өз мектептерінде сабақтарын оқиды», – дейді білім бөлімінің басшысы Қайрат Смағұлов.

Успенка ауданына қарасты Ольгинка орта мектебінің іші тас-талқан. Жұмыс істеп жатқан жұмысшылардың қарасы көрінбейді. Есесіне мұғалімдер мектепті жөндеу жұмыстарына өздері кірісіп кетіпті.

«Жөндеу жұмыстары бітпей жатқандықтан, өзіміз парталарды тасып, қолқабыс етіп, мердігер компанияға көмектесіп жатырмыз. Енді ыңғайсыздық тудырғанымен де осы алдағы уақытта бітеді деген. Бітеді және қолданысқа беріледі деген ойдамыз», – дейді тарих пәнінің мұғалімі Жарқынбек Пазыл.

Ал Белоусовка ауылындағы мектепте де күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмысты мердігерлер емес, аудан әкімінің орынбасары мен білім бөлімінің басшысы ұйымдастырып жүр. Ата-аналар әлі жөндеу жұмысы бітпеген мектепке балаларын жібермейтінін айтады.

Бұған дейін Павлодар облысының әкімі аймақта екі ғана мектеп жаңа оқу жылына дайын емес — деген еді. Алайда, бұл сөзі шындыққа жанаспайтын секілді. Биыл аймақ бойынша 46 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Жұмыстың кешеуілдеуіне мемлекеттік сатып алу рәсімінің тым ұзаққа созылып кеткені себеп болыпты. Ал екінші бір себеп – бір мердігер оннан аса мектепті жөндеуге алып, үлгере алмай қалған.

Тегтер: жаңа оқу жылымәдениет үйіПавлодар

Соңғы жаңалықтар

«Все филиалы вузов в Казахстане призваны способствовать повышению конкурентоспособности в сфере высшего образования» — президент в Алматы

Николай Иващенко
19.03.2026

В Конаеве ведется строительство системы очистки сточных вод

Николай Иващенко
19.03.2026

Системная работа в рамках проекта «Алатау аманаты»

Николай Иващенко
19.03.2026

Декада Наурызнама в Алматинской области: какие мероприятия пройдут в ближайшие дни

Николай Иващенко
19.03.2026

В Алматинской области врачи спасли жизнь 64-летнему пациенту с тяжелой сосудистой патологией

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz