Агенттік мәліметіне сәйкес, тергеу барысында көтерме бағамен жеткізуші 15 адамнан 610 миллион теңгеден астам сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркалы бензин сатып алу фактісі анықталған. Кейін жанармай белгісіз тұлғаларға «Унгефуг» ЖШС арқылы құжаттарсыз сатылған.
«Дәл осы ЖШС құжатсыз жалпы сомасы 550 миллион теңгеден астам 2,4 мың тонна дизель отынын сатқан», – делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты сот қылмысқа қатысы бар адамдарды 2 жыл 8 айдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырды. 3 көлік пен 3 жүк тіркемелерін тәркілеу туралы үкім шығарды.