Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Павлодар облысына Түрікменстаннан 11 отбасы көшіп келді

Павлодар облысына Түрікменстаннан 11 отбасы көшіп келді. Қандастар облыстағы қала, аудандардың бірін таңдап қоныстанатын болады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

28.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Облысқа көшіп келген адамдардың жалпы саны — 46. «Достық» үйінде өткен жиынға әр аудан, қалалардың жұмыспен қамту орталықтарының басшылары қатысты. Олар қандастарға бос жұмыс орындары, қандай жағдай жасалатыны туралы түсіндірді.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Отандастар қоры» Павлодар облыстық филиалының басшысы Болат Зауыт жыл басынан бері Ресей, Моңғолия, Өзбекстан елдерінен 216 адам көшіп келгенін айтты.

«Биыл Павлодар облысына шет елдерден келетін қандастарға 800 адамға квота бөлінген. Соның ішінде, Түрікменстаннан биыл 427 қандас қоныс аударады деген болжам бар. Заң бойынша облысқа көшіп келген қандастар осы жерде 5 жыл тұрақтауы тиіс», – деді Болат Зауыт.

Оның айтуынша, Қазақстанға қоныс аударған шетел қазақтары алдымен ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірін) алуы керек. Кейін «Қандас» мәртебесін алады. Ол 4 жұмыс күні ішінде беріледі. Содан кейін осы өңірге тұрақты тіркеуге тұрып, бір мезетте Қазақстан азаматтығына құжат тапсырады. Осы үрдістерден кейін квотаға құжат тапсырады.

Павлодар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова қандастарға квота бойынша қандай көмек көрсетілетінін айтты.

«Қоныс аударған отбасылардың әр мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде ақшалай көмек беріледі. Бұл 200 мың теңгеден асады. Сондай-ақ қоныстанған жерлеріне қарай 1 жыл бойы ай сайын баспана жалдауға субсидия алады. Егер қалалық жерде орналасса, 61 мыңнан 91 мың теңгеге дейін, ауылдық жерде 45 мыңнан 64 мың теңгеге дейін алады. Нақты сома отбасындағы адам санына байланысты. Сондай-ақ 1 жылдық соманы бір жолда алып, сол баспананы сатып алуға жұмсауға болады», – деді Альмира Дисюпова.

Басқарма басшысы облыста қандастарға арналған болжамды карта бар екенін айтты. Онда 111 елді мекен белгіленіп, 1 мыңнан астам бос жұмыс орны бар.

«Келген отбасылар қазір мамандықтары мен бос жұмыс орындарына қарай қай ауданға баратынын анықтайды», – деді Альмира Дисюпова өз сөзінде.

Басқарма басшысының айтуынша, Түрікменстаннан көбіне техникалық мамандықты игерген қандастар келіп жатыр.

Айта кетейік, Түрікменстандағы қандастар 2020 жылы Қазақстанға көшуге ниет білдірген. Алайда, пандемияға байланысты бұл іс кейінге шегерілді. Түрікменстандағы қазақ диаспорасы 20 мыңға жуықтайды.

Тегтер: отбасыПавлодарТүрікменстан

Соңғы жаңалықтар

«Все филиалы вузов в Казахстане призваны способствовать повышению конкурентоспособности в сфере высшего образования» — президент в Алматы

Николай Иващенко
19.03.2026

В Конаеве ведется строительство системы очистки сточных вод

Николай Иващенко
19.03.2026

Системная работа в рамках проекта «Алатау аманаты»

Николай Иващенко
19.03.2026

Декада Наурызнама в Алматинской области: какие мероприятия пройдут в ближайшие дни

Николай Иващенко
19.03.2026

В Алматинской области врачи спасли жизнь 64-летнему пациенту с тяжелой сосудистой патологией

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz