Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Париж Олимпиадасы: триатлоннан жарыс тоқтатылды

Парижде Сена өзенінің суы ластануына байланысты триатлоннан жарыс тоқтатылды.

21.08.2023
Жаңалықтар

Олимпиаданың басталуына бір жыл қалғанда Франция астанасында триатлонның жүзу кезеңі өтпейтін болды. Билік әзірге жүзушілердің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды, деп хабарлайды alataunews.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Сенадағы су сапасы әлі өзекті мәселе болып тұр.

Бірнеше күн бұрын спортшылар триатлоннан тест жарыстары аясында өзенге Александра ІІІ көпірінен түскен болатын. Бірақ жексенбіде суда бактерия көлемі көп екені, оның жүзуге жарамсыз екені анықталып, аралас эстафета өткен жоқ. Триатлон дуатлонмен, яғни жүгіру және веложарыс кезеңдерін кезектестірумен алмасты.

Пара-триатлоншыларда да осындай жағдай болды.

«Біз әлі де су сапасы неден нашарлағанын түсіне алмай жатырмыз. Судың екі сынамасы сапаның нашар екенін, яғни нормадан ауытқығанын көрсетті. Қазір біз қайдан ластанып жатқанын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатырмыз», — деді Олимпиада ойындарына жауапты Париж мэрінің орынбасары.

Су сапасына күмән туындаған соң тамыздың басында Сенада өтетін жарыстар тоқтатылған. Сол кезде ұйымдастырушылар нөсер жауын салдарынан ішек таяқшасы бактериялары концентрациясы өсіп, су ластанды деп мәлімдеген болатын. Бұл жолы себеп анықталмады.

Париж ашық судағы жарыстарға әлі де бәс тігіп отыр. «Париж 2024» ұйымдастыру комитетінің басшысы Тони Эстангенің сөзінше, «Б жоспары жоқ».

Сена өзенін париждіктер шомыла алатындай қауіпсіз етуді билік биыл ғана уәде етіп отырған жоқ.

Тегтер: ОлимпиадаПариж

Соңғы жаңалықтар

Какая погода в мае будет в Алматинской области

Николай Иващенко
15.04.2026

В Казахстане водителей начали массово проверять по базам данных

Николай Иващенко
15.04.2026

Касым-Жомарт Токаев принял спецпосланника генсека ООН по водным ресурсам Ретно Марсуди

Николай Иващенко
15.04.2026

95 должников арестованы за неуплату алиментов в Алматинской области

Николай Иващенко
15.04.2026

Туберкулез выявили у студента в Алматы – проверили почти 2 тысячи человек

Николай Иващенко
15.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz