Ішкі істер министрлігі 5 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын бастады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Пиротехникалық бұйымдарды сатуға лицензиялары бар мамандандырылған дүкендер мен сауда орындарынан ғана алған дұрыс. Пиротехниканы сатып алу кезінде ең алдымен сатушыдан өнімге сәйкестік сертификатын талап ету қажет. Әрбір пиротехникалық бұйым үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде қолдану жөніндегі нұсқаулық болуы шарт.
Тыйым салынған, шектелген тауарлар және өзге де заттарды сатқаны үшін 86 250 теңге мөлшерiнде айыппұл салынады (ӘҚБтК 196-бабы).
Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi пиротехниканы қолдана отырып бұзғаны үшін 69 000 теңге мөлшерiнде айыппұл салынып, пиротехникалық бұйымдар тәркiленеді (ӘҚБтК 436-бабы).