Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Отандық жел генераторлары жасап шығарылды

Қазақстандық Tree Energy компаниясы отандық жел генераторын өндіре бастады.

04.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Генератордың бұл жаңа түрі кез келген дауылға төтеп береді және желдің төмен жылдамдықтарында да электр энергиясын өндіре алады»,- дейді Tree Energy компаниясының басшылығы.

Аталған генераторлар ТМД елдерінде кездеспейді. Қазіргі таңда Қырғызстанға, Өзбекстанға, Ресейге, Индонезияға, БАӘ-ге өнімді экспорттау туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жоба  қазақстандық Ғылым қорының гранттық қолдауымен жүзеге асырылады.

«Біз Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген отандық генераторды әзірледік. Жел, күн энергиясын және өзендердің су ресурстарын пайдаланып, оны электр энергиясына айналдырамыз. Электр энергиясын тиімді өндіруді қамтамасыз ететін ең заманауи және сенімді техникалық шешімдерді қолданамыз», — деді жоба жетекшісі Жанболат Мұзбаев.

Жел турбиналарының тік орнатылған түрі сағатына 10 кВт дейін электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Мұндай генераторлар ток беру желісінен алыс объектілерді де қамтамасыз етуге күші жеткілікті. Жел қондырғыларының көлемі кішкентай болғандықтан тар жерге орнатуға өте қолайлы. Олар +40 градустан — 50 градусқа дейінгі температурада мүлтіксіз жұмыс жасайтын сапалы материалдардан жасалған. Бұл генераторларды  25 жылдан астам уақыт пайдалануға болады.

Генераторды жасап шығарушылар күн-жел қоспа генераторды дайындап, Алматы облысының аумағындағы республикалық маңызы бар күре жолдарда  өз станcаларын орнатады. Бұл қондырғыларды елімізде жол бойында қоныс тепкен фермерлер де сатып алып жатыр және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, шекара қызметімен келіссөздер жүргізіледі.

Тегтер: жобаҚазақстанТМД

Соңғы жаңалықтар

Токаев: «В преамбуле Основного закона впервые сформулирован четкий ориентир на ценности культуры, образования, науки и инноваций»

Николай Иващенко
10.04.2026

Выборы в Курултай пройдут в августе

Николай Иващенко
10.04.2026

КТЖ высадит более 100 тысяч деревьев в Алматинской области

Николай Иващенко
10.04.2026

Толпа избила одного человека в Алматинской области

Николай Иващенко
10.04.2026

В Алматинской области спасатели МЧС спасли беременную женщину и мужчину

Николай Иващенко
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz