Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОСК жаңадан тағайындалған сенаторларды тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің Жарлығымен тағайындалған Сенат депутаттарын ресми тіркеді.

25.01.2023
Жаңалықтар

«Орталық сайлау комиссиясы тіркеген сәттен бастап сіздер ҚР Сенаты депутаты ретіндегі өкілеттеріңіз басталды. Сіздер еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы ҚР Парламенті депутаттары болдыңыздар. Сонымен қатар 19 наурызға тағайындалған кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттары депутаттары сайлауына байланысты жаңа құрам сайланғанға дейін сіздер Сенат депутаттары ретінде Конституциялық заңдарды қабылдау бойынша міндеттерді орындайсыздар. Сіздерге сәттілік тілеймін», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сондай-ақ, ресми тіркелген Сенат депутаттарына куәлік пен төлбелгі табысталды.
Айта кетсек, кеше Мемлекет басшысы Сенаттың 13 депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан еді.

19 наурызда өтетін сайлау барысында сегізінші мәрте жасақталатын Парламент Мәжілісі құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 өкіл болмайтындығы, оларға тиесілі мандат саны 5-ке қысқарып Сенатқа берілгені белгілі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Парламенттің жоғары палатасында Ассамблея атынан өкілдік ететін депутаттар анықталды. Олар: Евгений Больгерт, Закиржан Кузиев, Нурия Ниязова, Алишер Сатвалдиев, Геннадий Шиповских.

Сондай-ақ Президент жарлығымен Мәулен Әшімбаев, Нұртөре Жүсіп, Ләззат Қалтаева, Асқар Шәкіров және бұрын еліміздің Жоғары сотына төрағалық еткен Жақып Асанов Президент Жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалды.

Тегтер: ОСКсайлаусенат

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz