Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Орталықтар жетіспейді»: облыс әкімі Талғардағы проблеманы көтерді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік нысандардың жұмысымен таныстып, Талғар қаласында өткен Наурыз мерекесіне қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алдымен облыс әкімі Қызылқайрат ауылындағы «AK JOL-M» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығына барды. Аймақ басшысы бұл орталықтың қызметі мен ондағы балалардың жағдайы әрдайым назарда екенін атап өтті.

2014 жылы ашылған орталықта бүгінде 300-ге жуық бала көмек алады. Күн сайын 70–80 бала тегін ем қабылдап, үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі. Орталыққа облыс әкімдігі тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп келеді.

Сапар барысында Марат Сұлтанғазиев Бірлік ауылындағы «Ұлттық құндылық» орталығында да болды. Бұл мекеме ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарды қолдауға бағытталған.

Орталықта балалар мен аналар әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасап, өз қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар, мұнда ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту мен қоғамға бейімдеу үшін барлық жағдай жасалған. Орталық заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған.

Мекеме басшысы Зухра Серікқызының айтуынша, мұнда аналар мен балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық, түзету және оңалту көмегі көрсетіледі. Сондай-ақ балалардың ақыл-ойын дамытуға арналған арнайы бағдарламалар жүзеге асырылады.

Кездесу қорытындысында облыс әкімі өңірде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған осындай орталықтардың әлі де жеткіліксіз екенін атап өтті. Ол бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту үшін әкімдік тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Талғар қаласында өткен Наурыз мерекесіне де қатысты. Марат Сұлтанғазиев жиналған тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, Талғар ауданының даму қарқыны жоғары екенін атап өтті.

«Талғар ауданы бүгінде қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Алдағы уақытта да ауданның әлеуеті артып, халықтың әл-ауқаты жақсара береді», – деді облыс әкімі.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев поздравил казахстанцев с Наурызом

Николай Иващенко
21.03.2026

В Конаеве с размахом отметили Наурыз: этнодеревня, концерт и посадка деревьев

Николай Иващенко
21.03.2026

В селе Кемертоған реализуется проект модернизации системы водоснабжения

Николай Иващенко
21.03.2026

Замминистра обороны проинспектировал гарнизоны Алматинской области: акцент на условиях службы и поддержке военнослужащих

Николай Иващенко
21.03.2026

Рассмотрен особый режим управления для города Алатау

Николай Иващенко
21.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz