Мұнда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуінің бірлескен мәлімдемесі, Өңірлік ынтымақтастықты дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы, Орталық Азия мемлекеттерінің көпжақты форматтар аясындағы өзара іс-қимылдар тұжырымдамасы, Орталық Азияға арналған «Жасыл күн тәртібі» аймақтық бағдарламасы қабылданды.
Сонымен қатар, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан арасындағы Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарт келісіліп, қол қою рәсімі басталды.
Сондай-ақ, Аралды құтқару халықаралық қоры құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Аралды құтқару халықаралық қоры президентінің өкілеттіктерін ұзарту туралы шешіміне қол қойылды.