Заң бойынша Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Еңбек және Бюджет кодекстеріне, сондай-ақ, 9 заңға түзетулер енгізілді.
- Түзетулердің бірінші блогы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заңмен ЕҚТА жерлерін өзге санаттағы жерлерге ауыстыру негіздері қайта қаралды.
- Түзетулердің екінші блогы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЕҚТА аумақтарында қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алуға бағытталған.
- Үшінші блок Астана қаласының «жасыл белдеуін» қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.
- Түзетулердің төртінші блогы көміртекті офсеттердің мәселелерін реттейді. Заң Орман кодексі ережелерінің қолданылуы жаңа орман екпелерін отырғызу, сондай-ақ, тозған және бұзылған жерлерді қалпына келтіру арқылы парник газдарды сіңіруге бағытталған мемлекеттік орман қоры жерлерінде сатылатын көміртекті офсеттерді сату жөніндегі қызметке таратылды.
- Түзетулердің бесінші блогы ЕҚТА саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
- Түзетулердің алтыншы блогы бизнес субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру жүйесін енгізуді көздейді. Кепілдік беру жүйесінің мақсаты — кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктерден кредиттер алу үшін олардың кепілмен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз болған кезде қажет қаржыландыру көлемінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.





