Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ашық талқыға шығарған құжатында мектепалды және жоғарғы сынып оқушыларының сабақта гаджетпен жұмыс істеу уақытын белгілеу ұсынылған.
«Мектепалды сыныптардағы сабақтың барынша рұқсат етілген ұзақтығы — 25-30 минут. Сонымен бірге сабақ саны төртеуден аспауы тиіс. Сабақ арасындағы үзіліс кемінде 10 минут болуы керек. Аталған бұйрықтың 21-тармағына қосымша «объектінің жертөле және цокольдық қабаттарындағы үй-жай сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орналастырылады», — деп көрсетілген құжатта.
Жаңа өзгерістерге сай, енді оқушыларға сабақта дербес компьютер, планшет және ноутбук қолдануға рұқсат етілетін уақыт:
— мектепалды, мектепке дейінгі топтарда (сыныптарда) және 1-сыныптарда — 15 минуттан аспайды;
— 2-3 сыныптарда — 20 минуттан аспайды;
— 4-5 сыныптарда — 25 минуттан аспайды;
— 6-8 сыныптарда — 25 минуттан аспайды;
— 9-11(12) сыныптарда — 30 минуттан аспайды.





