Аппараттық кеңесте жаңа оқу жылының ұзақтығы бірінші сынып оқушылары үшін 35 оқу аптасын (бұрын – 33 апта), 2-11 сыныптардағы 36 оқу аптасын (бұрын – 34 апта) құрайтынын айтылды. Оқу жылы ішіндегі демалыс: күзгі-жеті күн (2022 жылғы 31 қазаннан бастап 6 қарашаны қоса алғанда); қысқы-тоғыз күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін қоса алғанда); көктем-тоғыз күн (2023 жылғы 18-26 наурызды қоса алғанда). Бұрын оқу жылында каникул уақытының ұзақтығы кемінде 30 күнді құрады (қазір – 25).