Корялық YTN басылымының хабарлауынша, 190 депутат әскери жағдайды жоюға дауыс беріп, тиісті қарар күшіне енді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Бұған дейін жетекші оппозициялық Демократиялық партия «Тобуро» парламенттің шұғыл жиналысын өткізгені туралы хабарланған еді. Аталған партия парламенттегі 300 орынның 170-ін бақылайды.
The Korea Herald-тың мәліметіне сәйкес, елде соңғы рет әскери жағдай 44 жыл бұрын, 1980 жылы 18 мамырда болған Оңтүстік Корея әскери үкіметіне қарсы демократиялық көтеріліс кезінде жарияланған.
Бұл жағдайға байланысты Сеулде азаматтар мен әскери қызметкерлер арасында қақтығыстар болып жатыр.
Оңтүстік Кореяның билік басындағы «Халық күші» партиясының жетекшісі Хан Дон Хун, оның құрамына президент те кіреді, билікті теріс пайдалануға жол бермеу үшін депутаттармен ынтымақтасатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, партия президенттің жоспарлары туралы білмеген. Хан Дон Хун президенттің бұл шешімін қате деп санайтынын атап өтті. Сондай-ақ ол әскерилердің «конституцияға қайшы әскери жағдайды» орындамауы тиіс екенін айтты.
Оңтүстік Корея конституциясына сәйкес, егер парламенттегі көпшілік әскери жағдайды жою үшін дауыс берсе, бұл шешім міндетті түрде орындалуы керек. Полиция мен басқа да күштер парламент ғимаратынан кетіп жатыр.