Алдағы күндері оңтүстік өңірлерде де ауа температурасы төмендей бастайды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, суық антициклон әсерінен елдің солтүстік аймақтарында жауын-шашын тоқтағанымен, түнде термометр бағаналары теріс мәндерге түседі. Күндізгі уақытта ауа райы жылы болып қала береді, мысалы, 17 қазанда солтүстікте 5-10 градус жылылық күтілуде.
Ал оңтүстік аймақтарда қыстың алғашқы белгілері сезіле бастайды. Антициклон шығысқа қарай жылжып, түнде және күндіз ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеліп, оңтүстік-шығыста жаңбырдың қарға ұласуы ықтимал. Бұл құбылыс таулы аймақтармен қатар, жазық өңірлерде де байқалуы мүмкін.