Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында Мемлекет басшысының қолдауын, сондай-ақ Қазақстанның мәнерлеп сырғанау федерациясының президенті Бауыржан Ералының соңғы жылдары осы спорт түрін дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, Олимпиада чемпионы жауапты әрі күрделі дайындық кезеңінде бірге жұмыс істеген бапкерлеріне, жарыс күндері трибунадан және телеэкран арқылы қолдау көрсеткен жанкүйерлерге, әлеуметтік желіде жылы лебіз білдірген азаматтарға ерекше ризашылығын жеткізді.





