«Бұл жұмыстың барлығы еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі фермерлердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатыр. Бүгінде Шардара су қоймасын толтыруға 1,5 миллиард текше метр қажет, бұл былтырға қарағанда шамамен 500 миллион текше метрге артық. Шардара су қоймасына барлығы 4 миллиард текше метр су келді», — делінген министрлік таратқан хабарламада.