Өскемен қалалық полиция басқармасы Ертіс ПБ-нің кезекші бөліміне қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бірінен жұмысшы арыз түсірген. Шағым бойынша полиция 2020 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде ЖШС бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, кассадан жалпы сомасы 13 485 062 теңге ақша қаражатын заңсыз иемденгенін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Өскемен қалалық ПБ Ертіс ПБ-нің КПБ қызметкерлері өз кінәсін мойындаған 50 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.
Қазіргі уақытта ҚР Ата Заңының 189-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы баптың санкциялары мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.