Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өрттен 3 адамды құтқарып өзі көз жұмған Асқар Забикулинге «Алтын адам» сыйлығы берілді

«Алтын Адам – Жыл адамы» ұйымдастыру комитеті Астанадағы өрттен бірнеше адамды құтқарып, кейін өзі ауруханада көз жұмған Асқар Закибулинді «Алтын адам» деп таныды. Бұл туралы батырдың жары әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

21.12.2022
Жаңалықтар

«Біз қазір еңбек демалысында жүретін едік. Алматының Арбатында қол ұстасып, кофе ішіп, қыдырып жүруші едік. Солай жоспарлаған едік қой. Сол күні, 16 қарашада сені кезекшілікке шығарып салып тұрып, ойымда ештеңе жоқ айта салған едім. «Алақай, 20-сы күні сенің соңғы кезекшілігің екен, әрі қарай демалыстамыз» деппін. Ал сен айттың: «Жаным, соңғы емес, демалыс алдындағы кезекшілік» дедің. Енді міне, 20 қарашада сен еңбек демалысына шықтың. Мәңгілік, ұзақ, бітпейтін, қайтып келмейтін демалыстасың… Ал мен бұл дүниедемін. Біздің жоспарымыздағыдай емес. «Алтын Адам» тағайындаған сенің «Жыл қаһарманы» аталымындағы мадақтамаңды әкетуге келдім», — дейді Анель Закибулина.

Оның айтуынша, бүгін екеуінің отау құрғандарына 5 жыл толған.

«Өмір шынымен қиын, қатыгез, аяушылықты білмейтін, тіпті кейде болжап болмайтын дүние. Ол ешкімді аямайды. Мейлі жасың 10-да немесе 40-та болсын. Соған қарамастан сен жарқын әрі абыройлы өмір сүрдің. Алтын адамсың сен, Асқар Забикулин! Ғасыр адам, Ғасыр қаһарманы. Өмірден өткеннен кейін», — деп жазды батырдың жұбайы.

Тегтер: Алтын АдамАсқар Забикулин

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz