Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өлім-жітім 8,5%, нәресте өлімі – 2,1 есе көбейді: бөлінген миллиондар кісі өлімін азайта ма?

Бүгін облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев Райымбек ауданының тұрғындарымен кездесіп, ауданның денсаулық сақтау саласындағы ахуал туралы айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

05.08.2022
Жаңалықтар, Сұхбат

Ауданда халықтың жалпы өлім-жітімі 8,5%-ға, нәресте өлімі – 2,1 есе, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім – 1,5 есе, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім – 7,8 есе көбейді. Жалпы, аудан тұрғындарына 20 медициналық мекеме қызмет көрсетеді. Алайда, нысандардың 90%-дан астамы физикалық тозған. Бұнымен қоса, арнайы маман дәрігерлердің жоқтың қасы.

Биыл республикалық бюджет есебінен 1,5 млрд. теңгеге Нарынқол ауылында 250 адам қабылдайтын емхана құрылысы басталды, ол келесі жылы аяқталады. Сондай-ақ, Көмірші ауылында 131 млн. теңгеге медициналық пункт салу жоспарланып жатыр. Жылдың соңына дейін Ақбейіт және Қостөбе ауылдарында 100 млн. теңге сомасына блокты-модульды медициналық кешендер орнатылады.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жаңатекес ауылында ауысымына 10 адам қабылдайтын 130 млн. теңгеге медициналық пункттің құрылысы, Қаратоған және Талас ауылдарында жалпы сомасы 368 млн. теңгеге ауысымына 15 адам қабылдайтын екі фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы басталды.

Марат Сұлтанғазиев орынбасары Б.Қ. Байжұмановқа, аудан әкімімен бірлесіп, денсаулық сақтау объектілерінің құрылысын және күрделі жөндеуді белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтып, халықты алдын-ала скринингтік тексерумен қамту арқылы тұрғындардың өлім-жітімі мен ауыруын азайту қолға алынады. Бұнымен қоса, облыс әкімі жауапты мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары арқылы кадрларды тартуды тапсырды.

Тегтер: денсаулықРайымбекхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Нового руководителя получило управление внутренней политики Алматинской области

Николай Иващенко
10.03.2026

МВД РК утвердило правила присвоения госномеров электросамокатам

Николай Иващенко
10.03.2026

В Алматинской области назначен заместитель руководителя аппарата акима региона

Николай Иващенко
10.03.2026

Глава МЧС Чингис Аринов открыл первый в Алматы и Алматинской области пожарно-спасательный комплекс нового формата

Николай Иващенко
10.03.2026

Еще три авиарейса: казахстанцев продолжают вывозить с Ближнего Востока

Николай Иващенко
10.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz