Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Балпық би кентінде 20 пәтерлі үй қолданысқа берілді

Пәтерлер кезекте тұрғандарға, оның ішінде көпбалалы жанұялар, жетім балалар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілді. Қуанышқа кенелген жандардың арасында Эльвира Мұхамедченова да бар. Оған үш бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды Alataunews.kz сайтының тілшісі.

19.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Біз мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы ретінде пәтер алдық, кезекте 7,5 жыл тұрдық. Енді әрдайым жылулық, бақыт сыйлайтын өз баспанамыз бар деп қуанып жатқан жайымыз бар.  Бізге түсіністікпен қарап, жақсы өмір сүруіміз үшін барынша жағдай жасап жатқанына ризамыз», — деді Эльвира Мұамедченова.

Көпбалалы ана Айгүл Жүнісова да үш бөлмелі пәтер алды.

«Алты баламыз бар. Үй кезегіне алты жыл бұрын тұрдық. Ең алдымен көпбалалы отбасыларды қолдайтын Президентімізге алғыс айтқым келеді. Облыс және аудан басшылығына да рақмет. Бүгінге дейін біз пәтерден пәтерге көшіп жүрдік. Міне енді мемлекеттің қолдауының арқасында өз шаңырағымыз бар», — деді көпбалалы ана.

Қазіргі уақытта Көксу ауданында тұрғын үй кезегінде 1000-нан астам адам тұр. Еске салайық, бүгінгі күні аудан бойынша Қабылиса көшесінде 60 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Нысан 2023 жылдың ақпан айында тапсырылуы тиіс. Сондай-ақ, көпбалалы отбасыларға арналған 21 тұрғын үйдің құрылысы да жоспарда бар.

 

1 of 9
- +
Тегтер: пәтер

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz