Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

2026 жылғы 9 сәуірде Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі наурыз айында өткен Бірыңғай ұлттық тестілеудің (ҰБТ) қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Министрлік мәліметінше, наурыздағы ҰБТ-ны шамамен 179 мың талапкер тапсырған. Оның ішінде 75 пайызы тесті қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде, ал 157 адам ағылшын тілінде тапсырған.

Талапкерлердің 70 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл 66-ны құраса, ең жоғары нәтиже – 140 балл болды.

Ең жоғары көрсеткішке Атырау облысының түлегі Кенесова Жазира қол жеткізді. Ол төрт пән бойынша 90 балл жинап, қосымша ҚАЗТЕСТ сертификаты арқылы «Қазақ тілі» пәнінің нәтижесін конвертациялаған. Осылайша оның жалпы балы 140-қа жеткен.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Ал техникалық себептерге байланысты шағымдар тест барысында қабылданады. Бұл жолы 31 мыңнан астам өтініш тіркеліп, олардың ішінде 17 бірегей тест тапсырмасы бойынша шағымдар қанағаттандырылған. Қазіргі уақытта республикалық комиссия жұмысын аяқтап, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді.

Пәндік комбинациялар бойынша талапкерлердің басым бөлігі «Математика–Физика» бағытын таңдаған (18,7%). «Биология–Химия» комбинациясын 16,5% талапкер таңдаса, алғашқы үштікке 10,3% қатысушы таңдаған «Шығармашылық емтихан» бағыты да енген.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 408 талапкер үшін де барлық қажетті жағдай жасалып, олар тестілеуге қатысқан.

ҰБТ өткізу барысында 264 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 130 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуге жіберілмеген. Тағы 134 адам тест кезінде тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылған. Өзге адамның орнына кіру фактілері тіркелмеген.

Министрлік 2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізілетінін айтады. Егер тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу деректері анықталса, тест нәтижелері жойылады.

Тегтер: ҚазақстанҰБТ

Соңғы жаңалықтар

В окрестности Конаева пожарные тушат возгорание камыша

Николай Иващенко
09.04.2026

В Казахстане могут принять закон об амнистии до конца июня

Николай Иващенко
09.04.2026

После землетрясения были проверены все русла рек и гидротехнические сооружения Алматинской области

Николай Иващенко
09.04.2026

В Алматинской области стартовал конкурс «Тайқазан – 2026»

Николай Иващенко
09.04.2026

В Алматинской области за год открыли 44 новых медицинских объекта

Николай Иващенко
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz