Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» яғни, халықтың мемлекеттік қаржыны басқару мен бақылауға қатысуына бағытталған бюджеттеу бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлеміне 600 млн теңге қосылып, жалпы 1 млрд. 800 млн теңгеге дейін көбейді.
«Бағдарлама аясында 47 жоба таңдап алынды. Оның ішінде 20 жоба қазан айының соңына дейін аяқталады. Осы жобалар шеңберінде балалар алаңы, workout алаңдары, спорт аймақтары, жаяу жүргіншілер және парк аймақтары салынады. 129 жоба дауыс беру нәтижесі бойынша келесі жылдан бастап іске асырылатын болады», — деді қала әкімі.
Ауданда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейнебақылау камераларымен қамту мақсатында барлық әлеуметтік объектілерде, сондай-ақ адам көп жиналатын жерлерде желтоқсан айына дейін 300 видеомониторинг жүйесі орнатылады.