Министрдің айтуынша, мұғалімдерді әдеттен тыс қызметтерден, атап айтқанда, үй-үйді аралау жұмыстарынан босату шаралары қабылданған.
«Пәтерлерді аралап, есік қағудың, балаларды көшірудің қандай екенін ұмытып та қалдық. Мемлекет басшысының қолдауымен мұғалімдер әдеттен тыс есептер мен функциялардан босатылды. Бұл туралы Елбасы бірнеше рет айтып өткен барлық іс-шаралар ұстаздарымыздың міндетті түрде қатысуымен өтті. Біз мұндай жосықсыз тәжірибені іс жүзінде тоқтаттық деп ойлаймын», — деді Асхат Аймағамбетов.
Ол мұғалімдерді іс-шараларда қосымша қызметкер ретінде пайдалану тәжірибесін тоқтату Білім министрлігі жұмысының негізгі бағыттарының бірі екенін қосты.
Бұл ретте министр министрліктің бұйрығына сәйкес, мұғалімдер енді күніне екі құжатты ғана толтыруы тиіс екенін атап өтті.