Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мотоцикл тізгіндегендер Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық-табиғи паркінің берекесін қашырды

Парк аумағына кірген шабандоздар жалпы ережелерді ескермей, табиғи аймақтағы жануарлардың тынышын кетіріп, өсімдіктерге нұқсан келтіріп жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

21.07.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Паркке мотоциклмен кіруге рұқсат. Олар да өзге көліктермен бірге жалпыға  ортақ жолмен жүрулері тиіс. Алайда, мотоцикл тізгіндегендер заңды жиі бұзады. Парк аумағында сай-сала, су арналарымен жүйткіп, Қызыл кітапқа енген қырыққа жуық өсімдіктерді таптаған.

«Бір адам ғана жүрмейді. Топталып жүретіндіктен тауды жаңғыртып, қатты шу шығарады. Бұл шудың әсерінен жан-жануарлар үркеді», – дейді парктің ғылыми қызметкері Тұңғыш Жаппарқұлов.

Мототехниканың бағыт-бағдарын қадағалау қиын. Бақылау бекеттерін айналып өтетін әрекеттер жиі кездеседі. Жыл басынан бері мотоциклмен  ұлттық паркке заңсыз кіру бойынша 15 дерек анықталып, 5 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Әрқайсысына 3 АЕК көлемінде  айппұл салынды. Бірақ, тәртіпке бағынбай, орманшыларға ұстатпай, қашып кететін оқиғалар бұдан әлдеқайда көп.

Мамандардың пікірінше мотоцикл мен квадроцикл иелеріне қатысты арнайы әкімшілік бапты енгізу уақыты келді.

«Бұл мәселе бір де бір нормативтік-құқықтық құжатта көрсетілмеген. Тауда, әсіресе ұлттық парк аумағында мотоцикл немесе квадроциклмен жүретіндерге қатысты тәртіпті қатаңдатып, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тағуды міндеттеу керек. Бұған қоғам назарын аудару қажет», – деді экобелсенді Тимур Елеусізов.

Айта кету керек, ерекше қорғалатын табиғи аймақта екі мыңнан астам өсімдік түрі өседі. Сүтқоректі жануарлардың 48 түрі мекендеп, құстардың 198 түрі кездеседі.

 

Тегтер: Ұлттық

Соңғы жаңалықтар

Истребитель Су-30СМ потерпел крушение под Карагандой

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области обсудили стратегию цифровой трансформации и внедрение ИИ

Николай Иващенко
25.02.2026

Аким Алматинской области Марат Султангазиев встретился с сотрудниками индустриально-логистического центра «ДАМУ»

Николай Иващенко
25.02.2026

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz