Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мопед жүргізушілеріне жаза күшейді: Енді олар да заң алдында тең жауап береді

Қазақстанда мопед жүргізушілеріне қатысты қылмыстық жауапкершілік екі есеге күшейтілді. 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап күшіне енген Қылмыстық кодекс өзгерістеріне сәйкес, енді мопед тізгіндеген азаматтар да өзге көлік жүргізушілерімен бірдей деңгейде жауапқа тартылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.04.2025
Жаңалықтар

Бұған дейін мопед жүргізушілері жол апатына себепші болып, адам өліміне немесе жарақатқа әкелген жағдайда, жеңіл жаза алатын. Олар ҚК-нің 104-бабы (абайсызда кісі өлтіру) және 114-бабы (денсаулыққа абайсызда зиян келтіру) бойынша жазаланып келген. Бұл баптардағы жаза анағұрлым жұмсақ болатын: мысалы, 40 тәулік орнына – 20, 2 жыл орнына – 1 жыл, ал 5 жыл орнына – 3 жылға дейін ғана бас бостандығынан айырылатын.

Алайда енді бұл жеңілдіктер жойылды. Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес, мопед жүргізушілері де мынадай жазаға тартылатын болды:

  • Егер жол апаты салдарынан орташа ауырлықтағы жарақат келсе – 40 тәулікке дейін қамауға алу;

  • Ауыр жарақат жағдайында – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

  • Адам өліміне себеп болса – 5 жылға дейін;

  • Ал екі немесе одан көп адамның өмірін қиған жағдайда – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін мопед «автомобиль» немесе «басқа механикалық көлік құралы» ретінде танылмағандықтан, бұл бап оларға қолданылмайтын. Енді ҚК-нің 3-бабының 8-тармағына енгізілген өзгерістер арқылы мопед те механикалық көліктер санатына енгізілді. Осылайша, мопед жүргізушілері де толыққанды құқықтық жауапкершілікке тартылатын болды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

В Конаеве началась реконструкция улицы Ауэзова

Николай Иващенко
30.03.2026

Массовая разборка в Алматинской области: полиция применила оружие

Николай Иващенко
30.03.2026

В Алматинской области спасатели МЧС пришли на помощь заблудившимся в горах

Николай Иващенко
30.03.2026

В области Улытау пресечен канал поставки наркотиков объемом до миллиона доз

Николай Иващенко
30.03.2026

Убийство семьи в Атырау: подозреваемому грозит пожизненное

Николай Иващенко
30.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz