Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін көш бастап, өз басымдылығын еркін бағдарламада да сақтап қалды. Ол төрешілерден 190,37 ұпай жинап, жалпы 285,10 ұпаймен алтын медаль иеленді.
Күміс жүлде оңтүстіккореялық Ча Джун Хванға бұйырды – 265,02 ұпай. Қола жүлдені америкалық Джимми Ма иеленді – 245,01 ұпай. Қазақстандық тағы бір спортшы Диас Жиренбаев 166,34 ұпаймен 19-орынға тұрақтады.





