Әлем чемпионатының күміс жүлдегері қысқа бағдарламада жақсы өнер көрсетіп, үшінші орынға жайғасқан еді. Еркін бағдарламада да жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық спортшы жалпы есепте 262,67 ұпай жинап, үздік үштіктен көрінді.
Халықаралық жарыстың жеңімпазы болып жапон спортшысы Шун Сато (278,12 ұпай), ал екінші орынды италиялық Даниэль Грасль (269,43 ұпай) иеленді.
Михаил Шайдоровтың бұл жетістігі — қазақстандық мәнерлеп сырғанау спортының халықаралық аренадағы беделін арттыра түскен маңызды жеңіс. Спортшының табандылығы мен шеберлігі жас буын спортшыларына үлгі болары сөзсіз.






