Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне орай елімізде қосымша пойыздар іске қосылатынын «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Қосымша пойыздардың бағыттары мен қозғалыс кестесі:
- №201/202 «Астана-Алматы» пойызы:
- Астанадан: 2024 жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 2025 жылғы 1, 4 қаңтар.
- Алматыдан: 2024 жылғы 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2025 жылғы 2, 5 қаңтар.
- №203/204 «Астана-Шымкент» пойызы:
- Астанадан: 2024 жылғы 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2025 жылғы 1, 4 қаңтар.
- Шымкенттен: 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2025 жылғы 2, 5 қаңтар.
- №205/206 «Ақтөбе-Астана» пойызы:
- Ақтөбеден: 2024 жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 2025 жылғы 1, 4 қаңтар.
- Астанадан: 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2025 жылғы 3, 6 қаңтар.
Қосымша электр пойыздары:
2024 жылдың 13 желтоқсанынан бастап қосымша электр пойыздары да іске қосылады:
- №7553/6811–6812/7556 «Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» электр пойызы жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді.
- №7509/6805–6806/7510 «Павлодар-Астана-Бурабай курорты» электр пойызы да осы күндері қатынайды.
Пойыздарда купе және плацкарт вагондары бар. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзал кассаларынан сатып алуға болады.