Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Мемлекеттік тіл және БАҚ-2022» байқауының жеңімпаздары анықталды

Байқау ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

06.09.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Биыл байқауға 75 қатысушыдан 153 материал ұсынылды.

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, марапаттады.

«Ұлт  ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының сан салалы асыл мұрасы ғылымның сара жолын ашып, мәдениетімізді жаңа биіктерге көтерсе, cіздер бүгін сол Алаш зиялылары бастаған ұлт баспасөзінің дәстүрін сәтті жалғастырып, рухани мәдениетіміздің ажырамас бөлігі мемлекеттік тілімізді насихаттауға, оның қолданыс аясын кеңейтуге үлкен үлес қосып келесіздер», – деді Талғат Ешенқұлов.

Арнайы комиссияның шешімімен бас жүлде Жамбыл облыстық «Ар-Ай» жастар газетінің тілшісі Әбдір Шапағатқа бұйырып, оған 1 000 000 теңгенің сертификаты табыс етілді.

«Үздік мақала» номинациясы бойынша: І орын республикалық «Жас алаш» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Бифат Елтаеваға, ІІ орын «Egemen Qazaqstan» газетінің аға тілшісі Айдана Шотбайқызына, ІІІ орынға «Төлеби туы» қоғамдық-саяси газеті редакциясының бөлім меңгерушісі Төлеген Ахметовке бұйырды.

«Үздік теле және радиобағдарлама» номинациясы бойынша: І орынды «Жетісу радиосының» бас редакторы Мұхит Тоқтасын, ІІ орынды Қазақ радиосының шолушы редакторы Шәкім Жанболат, ІІІ орынды «Qyzylorda» телеарнасының шеф-редакторы Толқын Қабылша жеңіп алды.

«Үздік сайт» номинациясы бойынша нәтиже мынадай болып шықты: І орын – республикалық «Айқын» газетінің тілшісі Қарқын Көктем, ІІ орын – халықаралық «Түркістан» газетінің штаттан тыс тілшісі Ахмер Біржан, ІІІ орын – Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы Ермұхамед Мәулен иеленді.

Байқау жүлдегерлері ақшалай сыйақымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz