Ведомство өкілдерінің айтуынша, желіде тараған бұл ақпарат ресми құжат болып саналмайды және мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жүргізіліп жатқан салық тексерісімен байланысты емес.
«Әлеуметтік желілерде тараған тізім мемлекеттік кірістер органының салық бақылауы аясында жасалған акт емес», – деп мәлімдеді комитет өкілдері.
Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды тек ресми дереккөздерге сүйенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.





