Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекеттік басқару академиясы магистратура мен докторантураға құжат қабылдауды бастады

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратура және докторантура бойынша құжат қабылдауды бастады.

04.04.2023
Жаңалықтар

Академия ректоры Ерлан Әбілдің айтуынша, құжат қабылдау 29 маусымға дейін жалғасады. Оған мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ квазимемлекеттік және жеке сектордан үміткерлер қатыса алады.

«Биыл Үкімет магистратураға 120 грант және докторантура бағдарламасы бойынша – 12 грант бөлген. 6 магистрлік, 3 докторлық бағдарлама бойынша және өндірістен қол үзбей оқуға болатын 2 модульдік бағдарлама бойынша үміткерлерді қабылдаймыз», — деді ректор академияда өткен баспасөз мәслихатында.

Магистратура бағдарламалары:

– бір жылдық күндізгі оқу бөлімі – «Мемлекеттік басқару (MPА)», «Адами ресурстарды басқару (MHRM)», «Өңірлік даму» (MRD);

– екі жылдық күндізгі бөлім – «Мемлекеттік саясат (МРР)», «Экономика (ME)», «Халықаралық қатынастар (MIR)»;

– мемлекеттік қызметкер емес үміткерлерге арналған бір жылдық өндірістен қол үзбей оқытылатын бағдарламалар: «Мемлекеттік басқару (ЕMPА)», «Өңірлік даму (MRD)».

Сондай-ақ оқу мерзімі 3 жылдық докторантура бағдарламалары: «Мемлекеттік басқару (DPA)», «Халықаралық қатынастар (DIR)», «Экономика (DЕ)».

«Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға Үкіметтен магистратура бойынша 120 грант, докторантура бойынша 12 грант бөлінген. Магистрлік бағдарламалар бойынша мемлекеттік тапсырыспен оқуға түсу үшін мемлекеттік қызметте кемінде 2 жыл еңбек өтілі болуы керек және докторлық бағдарламаларға 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі қажет. Мемлекеттік грант бойынша оқуға түсушілер міндетті түрде мемлекеттік органның қолы қойылған жолдама ұсынуы керек», — деп түсіндірді Е. Әбіл.

Шетелдік азаматтарды қоспағанда, барлық білім беру бағдарламаларына түсушілерде мемлекеттік тілді білу деңгейі В1 деңгейінен төмен еместігін растайтын QAZAQ RESMI TEST немесе Қазтест сертификаты болуы тиіс.

Академияда қазақ тілін білу деңгейін бағалайтын QRT тест деп аталатын жеке жүйе бар, оның нәтижелері Қазтест сияқты академияға құжаттарды тапсыру кезінде қабылданады. Сонымен қатар, Академия QRT тесттен өткісі келетіндер үшін арнайы қазақ тілі курстарын өткізеді.

Сондай-ақ «Халықаралық қатынастар – Master of International Relations» білім беру бағдарламасына оқуға түсушілер үшін мынадай талаптар қойылады:

– үміткер ҚР Сыртқы істер министрлігінің, не халықаралық ынтымақтастық мәселелерімен байланысты орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің және олардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс істеп жүрген, яғни іс басындағы мемлекеттік қызметшісі болуға тиіс;

– аталған Министрлікте немесе көрсетілген құрылымдық бөлімшелерде мемлекеттік қызметте кемінде екі жыл еңбек өтілі болуы қажет.

– ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификат көрсеткіші IELTS кемінде 4.0 балл, TOEFL IBT кемінде 31 балл немесе TOEFL ITP кемінде 310 балл, TOEIC кемінде 120 балл болуы керек.

Докторантура бағдарламалары үшін:

— ағылшын тілін білетінін растайтын сертификат көрсеткіші IELTS кемінде 5.5 балл, TOEFL IBT кемінде 46 балл, TOEFL ITP кемінде 433 балл немесе TOEIC кемінде 550 балл болуы тиіс;

— research proposal – зерттеу жұмысы жоспарының жобасын ұсыну қажет.

Тегтер: докторантурақұжатмагистратура

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz