Сұхбат барысында президент Қазақстандағы салық саясаты, экономиканың өткен жылғы өсімі, Үкіметтің атқарған жұмысы, сондай-ақ инфрақұрылым, көлік және логистика салаларын дамыту мәселелеріне қатысты бірқатар сұраққа жауап беріп, өз ұстанымы мен ой-тұжырымдарын ортаға салды.
Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басым бағыттарға тоқталып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен мақсаттар жөнінде пікір білдірді.
Сұхбаттың толық нұсқасы «Turkistan» газетінің ресми сайтында.





