Ол бұл мерекені халқымыздың ең асыл құндылықтарын дәріптейтін ерекше күн деп бағалады.
Президенттің айтуынша, өзара құрмет пен жанашырлық – ұлт болмысына сіңген қасиет.
“Бұл – халқымыздың ең асыл құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке. Өзара құрмет көрсету, өзгеге жанашырлықпен қарап, шынайы тілеулес болу – ұлтымыздың бойына сіңген қасиеттер. Алғыс айту дәстүрі төл руханиятымыздың темірқазығы ретінде ел ішіндегі сенім мен бірлікті нығайтуға зор ықпал етіп келеді”, – деді Президент.
Мемлекет басшысы ата-бабаларға тағзым етіп, ұстаздар, дәрігерлер, мәдениет және қауіпсіздік саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер мен жұмысшыларға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымы бар жастар мен еріктілердің еңбегін де атап өтті.





