Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Медициналық пойыз еліміздің шалғай стансаларына қайта жолға шығады

26 сәуірде Алматы-2 стансасынан «Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шығып, 6 желтоқсанға дейін қатынайды.

17.04.2023
Жаңалықтар

«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, пойыз бағыты медициналық кабинеттері жоқ аймақтарды қамтиды. Денсаулық пойыздары ең шалғайдағы стансалардың тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Мәселен, өткен жылдың қорытындысында 150-ге жуық стансаның 80 649 тұрғыны емдеу-консультациялық қызмет алды, оның ішінде 21 867 бала бар. 5 097 адамға шағын ота жасалып, 26 587 адамға стоматологиялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, медициналық пойыз мамандары 59 баланы сүндеттеді.

«Биыл шалғайдағы станса тұрғындары терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатр және басқада мамандардан тегін тексеруден және емдеуден өтуге мүмкіндік алады. Пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетке сымсыз қол жеткізуге арналған байланыс құралдарымен жабдықталады. Медициналық пойыздың бұл жолғы қозғалыс кестесі шалғайдағы стансаларда медициналық пункттердің жоқтығын ескеру және азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жасалды», — деп атап өтті компаниядан.

Тегтер: ҚазақстанпойызСаламатты Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz