Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Масылдық сана — қоғамды құртып барады

Мұны Қонаев қаласындағы Орта мектеп-гимназияның директоры Гүлзат Тағанбайқызы Alataunews.kz тілшісіне айтты.

01.09.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Қазір біздің мектепте 600-ден астам бала әлеуметтік осал отбасынан шыққан оқушы ретінде тіркеуде тұр. Бір қызығы, кей ата-аналар жауапкершілікті өз мойындарына алғысы келмейді. Керісінше, баласы білім алып жатқан жердегі қызметкерлерге, Білім басқармасына, тағы басқа мекемелерге жүктейді. Бұл — масылдық сананың қоғамға дендеп кіріп алғанының белгісі», — дейді мектеп директоры.

Оның айтуынша, мектеп директорына я басқа да лауазымды қызметкерге қоғамның көзқарасы өзгерген.

«Қазақстанда болып жатқан жағдайдан хабардармыз. Десе де, кей адамдар агрессиясы мен негативін осында келіп, шашып кетеді. Мысалы, мұндай жағдаяттан шығу үшін: «балаңызға не киім бар кигізіп жіберіңіз, бастысы — балаңыздың амандығы және білім алуы»-десек, оны да тыңдағысы келмейді. Мектеп директоры болсақ та, бірінші кезекте біз — адамбыз. Басшылықта отырғандардың да жеке мәселелері болады», — дейді Гүлзат Тағанбайқызы.

Және ол ыстық тамақ беру, киім-кешек әперу, оқу құралдарымен қамтамасыз ету бойынша сұрақтар болмау үшін жақында ғана ата-аналармен жиналыс өткізгенін айтты.

«Кейде мұғалімдер ақша жинап, біреудің жейдесін, біреудің шалбарын түгендеп жатамыз. Дегенмен, масылдық сана — ешкімді алысқа апармайды. Ынтымақты ыдырататын да, бірлікті алатын да — осы», — деп Гүлзат Тағанбайқызы өз сөзін түйіндеді.

Айта кетейік, биыл мектепте 180 бала ыстық тамақпен қамтылады, ал 30 баланы асхананы жалға алушылар тегін тамақтандырады. Осы жаз айларында «Мектепке жол» акциясы бойынша 112 оқушы мектеп формасымен, құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді. Мектепте 2115 бала білім алады.

Тегтер: қоғамҚонаевмектеп

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz