Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстау облысында кен орнындағы өрттің лаулап жатқанына – алтыншы күн 

9 маусым күні Бозашы мұнай түбегіндегі «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнында тұтанған өрт әлі лаулап жатыр.

14.06.2023
Жаңалықтар

Кеше Маңғыстау облысының басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен шұғыл кеңес өтті. Жиында жалынды ауыздықтау бойынша бірқатар ұсыныс жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

От кен орнында бұрғылау жұмысын жүргізу кезінде шыққан.

Кеңеске ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов бастаған ведомствоның бірқатар өкілі, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Самат Қазақбаев бастаған ведомство өкілдері, «Ақ Берен» мекемесінің Маңғыстау облысы филиалының басшысы, «КӘАҚҚ Республикалық орталық штабы» өкілдері, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директорлары, «Бозашы Мұнай» ЖШС мамандары және сала ардагерлері қатысты.

Кеңес барысында кен орнындағы өртті сөндіру бойынша бірқатар ұсыныс айтылды. «Бозашы Мұнай» ЖШС бас геологы Александр Касьяненко ұңғыма кратерін ауыр бұрғылау ерітіндісімен толтыруды немесе газ қысымын төмендету үшін іргеден қосымша ұңғыма қазуды ұсынды.

Жиында бас қосқандар газ қысымының төмендеуінен от өздігінен сөнуі ықтимал деген пікір де айтты.

«Бізде газ қысымы төмендеп, өрттің өзі сөнгенше күтетін уақыт жоқ. Өртті сөндіру шараларының алгоритмі шұғыл түрде жасалуы керек. Барлық жауапты тұлғалардың қосылуы қажет. Қаржыландырудың қажетті көлемі мен материалдық-техникалық база тізбегі көрсетілуі тиіс», — деді сала ардагері Балтабек Қуандықов.

Жиында Маңғыстау облысының әкімі кен орнындағы өрт қарапайым қауіпсіздік шараларының сақталмауынан болуы мүмкін екенін айтты.

«Ұңғымаға түсетін газ қорының көлемі мен қысымын анықтап, кен орнындағы өртті жою іс-шаралар жоспарын жедел әзірлеу керек. Жобаны мерзімінен кешіктірмей зерделеп, құзыретті мамандар бірауыздан мақұлдауы тиіс. Сондай-ақ әзірлеу кезінде жедел шаралар қабылдау үшін барлық мердігерлік ұйымдар мен жауапты мамандар қатысуы қажет», — деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Жиыннан кейін жұмыс тобы «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнының аумағына барды. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, техногендік апаттың себебі ұңғыманы бұрғылау барысындағы құрылыс жұмыстары кезінде ұңғыма сағасындағы газбен сұйықты тығыздаушы жабдықтың ашылуынан, яғни герметизацияның бұзылуынан болуы мүмкін.

«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС-ның қызметкерлері мен өртке қарсы күрес бөлімшелері апат орнында өртті толықтай жоюға дайын. Алайда бұрғыдан ұзақ уақыт газ-су өнімінің атқылауына байланысты қазір диаметрі 15 метр, тереңдігі шамамен 2-ден 3 метрге дейін кратерлер пайда болған. Соның салдарынан ошақ алаңына арнайы өрт сөндіру жабдықтарын жақындату мүмкін болмай отыр.

«Өрт болған орынға өртке қарсы қызмет пен көмекші техниканың жиынтық жасағынан құралған 33 техника және жеке құрамның 89 адамы, сондай-ақ арнайы техника жіберілді. Қажетті күштер мен құралдардың барлығы кезекшілік режимінде», — деп хабарлады Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, өрт «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнында 9 маусым түнгі сағат 03.25-те ұңғыманы бұрғылау жұмыстары кезінде, №303 ұңғымадағы бұрғылау құралы көтеріліп кетіп, жер астынан газ-су қоспасы атқылауы себебінен пайда болған. Бір адам зардап шекті.

13 маусым сағат 08:30-дағы жағдай бойынша кратерге 302 текше метр ерітінді төгілді.

Тегтер: БҚОКен орныМаңғыстауөрт

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz