2024 жылғы 13 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және мұрағат ісі салаларындағы заңнаманы артық регламенттеуді болдырмауға бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Заң жобасында:
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретін артық заңнамалық реттеуді болдырмау үшін бірқатар нормалар енгізу көзделген. Мемлекеттік органның ішкі рәсімдерін және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл функцияларын заңға тәуелді актілерде белгілеу ұсынылды.
- Министрліктің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу құзыретін және оны реттеуге байланысты нормаларды алып тастау қарастырылған.
- Археологиялық олжаларды мемлекеттік мұражайларға тапсыру тәртібін бекіту бойынша министрліктің құзыретін нақтылау нормасы енгізілді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заң жобасына Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін регламенттейтін түзетулері енгізілді.