Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек пакеті жаңартылды

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Осыған байланысты әлеуметтік мәні бар аурулар мен динамикалық бақылауға жататын аурулардың тізбелері жаңартылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.01.2026
Жаңалықтар

Министрліктің мәліметінше, әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі инсульттан кейінгі жіті жағдайлармен толықтырылды. Бұл норма пациенттерді бір жыл бойы медициналық бақылауда ұстауға мүмкіндік беріп, емдеу мен оңалтудың сабақтастығын және ерте басталуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің енгізілуі нәтижесінде компьютерлік томография (КТ) мен магниттік-резонанстық томография (МРТ) секілді жоғары технологиялық зерттеулер халық үшін әлдеқайда қолжетімді болған.

Төрт ауру МӘМС арқылы қаржыландырылады

Қаржыландыруды оңтайландыру және қызметтердің қайталануын болдырмау мақсатында төрт ауру — балалардың церебральды сал ауруы, ревматизм, дәнекер тінінің жүйелі зақымдануы және қант диабеті — динамикалық бақылауға жататын аурулар (ДБЖА) тізбесіне ауыстырылып, МӘМС жүйесі арқылы қаржыландырылатын болды.

Министрлік бұл шешімнің әкімшілік сипатта екенін және медициналық көмектің қысқаруына әкелмейтінін атап өтті. Диагностика, емдеу, динамикалық бақылау және медициналық оңалтуды қоса алғанда, көмектің барлық түрі қолданыстағы клиникалық хаттамалар мен стандарттарға сәйкес толық көлемде көрсетіледі.

Әлеуметтік аспект ескерілді

Бұл шешімдерді қабылдау барысында әлеуметтік факторлар да назарға алынған. Церебральды сал ауруы мен 1 типті қант диабеті көбіне балалық шақта анықталады. Балалар мемлекет жарналары төленетін жеңілдікті санатқа жатады. Ал кәмелетке толғаннан кейін мүгедектік расталған жағдайда мемлекет МӘМС жүйесіне жарналарды төлеуді жалғастырады. Бұл медициналық көмектің өмір бойы қолжетімді болуына кепілдік береді.

Бүгінде Қазақстанда балалардың церебральды сал ауруы диагнозымен 27 932 пациент есепте тұр, олардың 99 пайызы МӘМС жүйесінде сақтандырылған.

Ал диспансерлік есептегі қант диабетінің 2 типімен ауыратын науқастар жалпы пациенттердің 95 пайызын құрайды. Бұл топ үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, динамикалық бақылау, тәулік бойы және күндізгі стационар, медициналық оңалту көлемі өзгермейді. Өзгеретіні — тек қаржыландыру көзі. Қазіргі таңда бұл пациенттердің 96 пайызы МӘМС жүйесінде сақтандырылған.

Сақтандыру мәртебесінің маңызы

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың сақтандыру жауапкершілігіне ерекше назар аударады. Сақтандыру мәртебесі толыққанды медициналық көмек алудың негізгі шарты болып қала береді.

Мысалы, ай сайынғы орташа сақтандыру жарнасы 51 мың теңгеге жуық болған жағдайда, МӘМС жүйесі консультациялық-диагностикалық қызметтер мен дәрілік препараттарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Ал 2 типті қант диабетін емдеудің нақты құны 600 мыңнан 6,5 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл сақтандыру моделінің тиімділігін көрсетеді.

Сонымен қатар, жұмыссыз азаматтар мен экономиканың ресми секторында жұмыс істемейтін тұлғалар үшін мемлекеттік қолдау тетігі қарастырылған. Ол үшін жұмыссыз ретінде тіркеліп, жеңілдікті мәртебе алу қажет. Мұндай жағдайда МӘМС жарналары жергілікті атқарушы органдар есебінен төленеді. Бұл шара 1 миллионнан астам азаматқа міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық көмекті толық алуға мүмкіндік береді.

Министрлік мәліметінше, медициналық көмектің көлемі мен шарттары өзгеріссіз қалады. Амбулаториялық бақылау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық оңалту, тәулік бойы және күндізгі стационардағы ем — барлығы бұрынғыдай толық көлемде сақталады.

Осылайша, бірыңғай медициналық пакетке көшу консультациялық-диагностикалық қызметтердің барлық түріне қолжетімділікті арттырып, негізгі және қосалқы ауруларды емдеуді, сондай-ақ оңалту қызметтерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Пусть Наурыз мейрамы принесет мир, добро и процветание каждой семье — Олжас Бектенов

Николай Иващенко
22.03.2026

Фото: turaninfo.kz

ОПМ «Мигрант» в транспортной полиции рассказали об итогах акции

Николай Иващенко
22.03.2026

Касым-Жомарт Токаев получает телеграммы поздравления с Наурызом от глав государств

Николай Иващенко
22.03.2026

Аким Алматинской области Марат Султангазиев поздравил жителей региона с праздником Наурыз

Николай Иващенко
22.03.2026

Военные из Алматинской области прибыли на север Казахстана из-за угрозы паводка

Николай Иващенко
22.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz