Кубаның Матансас қаласындағы мұнай қоймасында болған жарылыстар легінен және өрт салдарынан 120-дан астам адам жарақат алды. Қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендер де бар.
Өрт сөндірушілер бір тәуліктен астам уақыт тілсіз жаумен алысып жатыр. Сенбіде Венесуэла үкіметі Кубаға өрт сөндірушілер мен арнайы техника жіберген болатын.