92 келі салмақта күш сынасқан шешуші белдесуде венгр Мұса Арсункаевты жеңіп, Камил Куруглиев әлем чемпионы атанды.
Ұлттық құрамаға алғашқы алтынды 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Дарын Әскербек әкелді.
Бұған дейін әлем чемпионатының қола жүлдесін грек-рим күресінің балуандары Арсен Жұма мен Юсуф Ашрапов, ал әйелдер күресінен Алина Ертөстік жеңіп алған болатын.