Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Күмәнді трафиктерге рұқсат бергені үшін байланыс операторлары жауапқа тартылады

Құқық қорғау органдары уәкілетті органдармен бірлесіп ұялы байланыс операторларына және банктік пластикалық карталарды беруге қатысты жауапкершілікті күшейтуді қолға алды. Бұған алаяқтардың қоңырауларының көбейіп кетуі себеп болып отыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев мәлімдеді.

15.11.2022
Жаңалықтар

Оның айтуынша, алаяқтар алдымен мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жеңіл табыстар туралы хабарландырулар береді. Содан соң өз атына карта, абоненттік нөмір ашуды ұсынады.

«Кейіннен аталған карталар мен абоненттік нөмірлерді алаяқтар ақша алу үшін пайдаланады. Мұндай жағдайларда карта үшін біржолғы төлем жасалады немесе криптовалюта биржалары және халықаралық аударымдар жүйелері арқылы басқа тұлғаларға ақша түседі. Осылайша, азаматтар заңсыз өндірілген ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырудың алаяқтық схемаларына тартылып, қылмыстарға өздері қатысады», — деп түсіндірді киберқылмыспен күрес орталығы басшысының орынбасары.

Брифингте еліміздің көптеген аймақтарында бір-біріне ұқсас алаяқтық схемаларының бар екені айтылды. Мұндай жағдайлар әрі қарай көбеймес үшін жауапкершілікті қатаңдату ұсынылды.

«ІІМ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ұялы байланыс операторларымен бірнеше кеңес өткізді. Техникалық реттеу мәселелерін талқылады. Бүгінгі таңда компаниялар ауыстырылатын нөмірлерден қоңырауларды бұғаттау мәселелерімен айналысады. Жыл соңына дейін олардың ақпараты бойынша бұл мәселе шешілуі тиіс. Қазіргі уақытта уәкілетті органдармен бірлесіп банктік пластикалық карталарды беру үшін жауапкершілікті енгізу, сондай-ақ күмәнді тарифтерге рұқсат бергені үшін байланыс операторларының жауапкершілігін қатаңдату мәселелері қаралып жатыр», — деді Рүстем Дүйсетаев.

Тегтер: ІІМ

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz